Концерты • Поп • 6+

Jigitter

О мероприятии

Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған «Ерке қыз» әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы — Алматы қаласына келді. Продюсері — Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде. Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында бес үнтаспа, 30-ға жуық бейнебаян, 120-ға жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр. «Жігіттер» квартеті өздерінің бір сұхбатында: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен сахна деді. Қазіргі уақытта Жігіттер тобы өнерде жүргеніне 20-жыл толуына орай үлкен концертке қызу дайындық үстінде. Концертте ескі хит әндермен бірге тұсауы жаңадан кесілетін әндердің куәсі боласыздар.
window.yaContextCb.push(()=>{ Ya.Context.AdvManager.render({ "blockId": "R-A-6913579-3", "renderTo": "yandex_rtb_R-A-6913579-3" }) })
window.yaContextCb.push(()=>{ Ya.Context.AdvManager.render({ "blockId": "R-A-6913579-2", "renderTo": "yandex_rtb_R-A-6913579-2" }) })