Спектакли • Драма • 12+

Атау-кере

О мероприятии

Неге біз осы..? Адам баласының өзіне де, өзгеге де күніне сан рет қоятын, жауабы жоқ сұрағы бұл! Аралар жасай алған бір-біріне мейірімді, бауырмал қоғамдық өмірдің деңгейіне жете алмай жүрген адамдар қоғамындағы адамгершілік болмыс алаңдатып, күйкі тірлік шаршатқан Таған тәрізді кейіпкер мына адамдар менің білгенімнің ең болмаса, 5 пайызын білсе ғой деп армандайды. Сонда әлем өзгеше, біздің өміріміз де басқаша болар еді деп ойлайды. Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» повесіндегі әр кейіпкердің қаймағы бұзылмаған таза табиғат аясындағы іс-әрекеттері арқылы оның ішкі жұмбақ әлеміне бойлап, тұлғасын тани түсесіз. Енді бірде Таған ұдайы мазасын алған «Неге біз осы?» деген сауалға жауап тапқандай болады. Осылайша, адамдық түп-тамырына қайта оралған Тағанға Табиғат ана құшағын жаяды. «Атау-керек» қойылымы-дүниені бүлдіретін құлағы бар саңыраулардан, жанары бар соқырлардан сақтасын деген ойға жетелейді. Сіз де, қымбатты көрермен, «іздеген жетер — мұратқа» дегендей, «Неге біз осы» деген сауалдың жауабын іздеп көріңіз.
Время
90 мин.
window.yaContextCb.push(()=>{ Ya.Context.AdvManager.render({ "blockId": "R-A-6913579-3", "renderTo": "yandex_rtb_R-A-6913579-3" }) })
window.yaContextCb.push(()=>{ Ya.Context.AdvManager.render({ "blockId": "R-A-6913579-2", "renderTo": "yandex_rtb_R-A-6913579-2" }) })