Спектакли • Комедия • 12+

Күйеуіңізді сатыңызшы

О мероприятии

Бұл комедия бүгінгі күннің тақырыбына арналған. Көтерген әлеуметтік мәселесі отбасындағы ерлі-зайыптылардың күйкі тіршілігі мен өмірге тереңдеп мән бермейтін шолақ ойлы, жеңіл жүрісті жастардың көзқарасы баяндалады. Оқиға желісі жеңіл болып көрінгенімен астарлап ойлаған жанға айтары мен тәлім-тәрбиелік мәні зор. Көншілік қауымға арналған. Әсіресе, өмірге жеңіл қарайтын жастардың болашағына дұрыс жол сілтеп, отбасының бірлігі ерлі-зайыптылардың екеуіне де байланысты екендігін еске салады. Ол үшін махаббат атты құдіретті қадірлеп, сезімді аялап, бір-біріне деген сүйіспеншіліктің алар орыны ерекше екендігін безбендеп, айшықтап береді. Жеңіл сезім, ұшқары ой, үстірт қимыл орға жығып, опа бермейтініне көз жеткізіп, көрерменді күлдіріп отырып ойландырып, тереңге жетелейді.
window.yaContextCb.push(()=>{ Ya.Context.AdvManager.render({ "blockId": "R-A-6913579-3", "renderTo": "yandex_rtb_R-A-6913579-3" }) })
window.yaContextCb.push(()=>{ Ya.Context.AdvManager.render({ "blockId": "R-A-6913579-2", "renderTo": "yandex_rtb_R-A-6913579-2" }) })